Достық пен бірлік мерекесі балабақшамызда!
1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Адал азамат» құндылықтарын дәріптеу мақсатында мерекелік іс-шаралар басталды.
✨ «Достық керуені» халықтар достығы фестивалі
Ересек және мектепалды даярлық (МАД) топтарының қатысуымен өткен бұл думанды шара нағыз достық пен татулықтың мекеніне айналды. 🌍✨
Бұл күні біздің бүлдіршіндеріміз:
Әуелете достық әндерін шырқады; 🎶
Түрлі ұлттардың мәдениеті мен салт-дәстүрімен танысты;
Бір шаңырақ астындағы татулықтың маңызын сезінді.
Мерекелік фестиваль балаларға ұлттар достығы — еліміздің басты байлығы екенін ұғындырды.
Бірлігіміз бекем, достығымыз мәңгі болсын!




